• «Иранның қазіргі дәуір әдебиеті» атты кітап жарыққа шықты

"Асыл кітап" баспасынан ирандық танымал ғалым доктор Ахмад Хатамидың «Иранның қазіргі дәуір әдебиеті» атты кітабы 304 беттік көлемде жарыққа шықты. Кітапты парсы тілінен аударып, парсы тілі мен әдебиетінде кездесетін этномәдени сөздерге түсінік жазған – шығыстанушы-ирантанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Айнаш Қасым. 

Еңбекте прозадағы Джамалзаденің «Йеки буд, йеки набуд» (Ерте, ерте, ертеде...) (1921 ж.) деп аталатын новеллалар жинағы мен поэзиядағы Нима Йушидждың «Ғоғнос» (Жалынқұс) (1937 ж.) өлеңімен басталатын Иранның қазіргі дәуір әдебиеті (1921-2011 ж.ж.) жайлы жан-жақты мәлімет, соның ішінде танымал жаңашыл ақын-жазушылардың өмірбаяндары саяси-әлеуметтік оқиғалар тоғысында қарастырылып, шығармаларының үзінділері түпнұсқа тіл – парсы тілінен қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, оқырманға ұсынылып отыр.

Кітап зерттеушілерге, соның ішінде, әдебиеттанушылар мен шығыстанушыларға, фольклортанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жалпы Иран әдебиетіне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

 

Мамыр 25, 2017 07:02 Asia/Almaty
Сараптама