• Қазақстанда «Дала қыраны-2017» жаттығулары басталды

Қазақстанның Іле оқыту орталығында «Дала қыраны-2017» атты бейбітшілікті сақтау мақсатындағы халықаралық жаттығулардың екінші кезеңі басталды.

Бүгін, дүйсенбі күні Қазақстанның Іле оқыту орталығында «Дала қыраны-2017» атты бейбітшілікті сақтау мақсатындағы халықаралық жаттығулардың екінші кезеңі алты елдің әскери күштерінің қатысуымен басталды.

Он бір күндік жаттығулардың негізгі мақсаты дағдарыс уақытында бейбітшілікті сақтау және офицерлерді БҰҰ мен НАТО-ның операцияларына қатысуға дайындау деп жарияланды.

Жаттығуларды өткізу аясында Қазақстанның «Қазбат» және «Қазбриг» батальондарының әскери қызметкерлері шетелдік алты елдің әскерилерімен бірге әртүрлі әскери жобаларды, соның ішінде компьютерлік қауіпсіздік орнату тақырыбын қарастыратын болады.

Аталмыш жаттығуларда Америка, Британия, Түркия, Тәжікстан мен Қырғызстан елдерінің өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.

«Қазбат», Қазбриг» – НАТО стандарттары қалпында қызмет ететін Қазақстанның маңызды екі батальоны. 

 

Тегтер

Jul 24, 2017 22:17 Asia/Almaty
Сараптама