• Рухани: Иран ислам әлемімен ғылым саласында ынтымақтастық жасауға әзір

ИИР Президенті өз елінің ғылым мен технология және инновация салаларында ислам елдерімен жан-жақты ынтымақтастыққа әзір екенін қуаттады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  жексенбі күні Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы ғылым мен технология және инновация саласындағы саммитінде: «Ислам мемлекеттері ғылым мен технология және елдерін қайта құру салаларындағы ынтымақтастығы үшін ислам дұшпандарының іріткі салу және соғысқұмар мемлекеттердің әрекеттеріне қарамастан талпыныс жасауы қажет»,- деді.

Рухани ислам әлемін бүгінгі әлемнің маңызды әрі ықпалды бөлігі деп атап: «Ислам әлемінің дамуы мен тұрақтылығы әлемнің ілгерілеуі мен тұрақтылығына себеп болады. Керісінше, ислам әлемінің әлсіздігі мен бір-бірінен алыстауы әлемдегі тұрақты бейбітшілік пен жан-жақты даму және интеграцияны жүзеге асырмайды»,- деді.

Иран Президенті ислам әлемінің қазіргі дағдарыстарына тоқталып: «Сионистердің Палестина халқына қарсы қылмыстарын жалғастыруы, Мьянма экстремистерінің рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстары, Сирия мен Ирактағы экстремистік топтар қалыптастырған адами апат пен Йемен халқына қарсы әскери шабуылдардың жалғасуы ислам үмбетінің бұрын-соңды болмаған бірлігі мен ынтымақтастығын қажет етеді»,- деп қуаттады. Иран Президенті Иран халқының исламға дейінгі және исламнан кейінгі өркениетте ғылым мен мәдениеттің көшбасшысы болғанына тоқталып: «Астанадағы «Ислам әлеміндегі ғылым мен технология және инновация» мәселелеріне арналған саммит ислам елдері арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтардың дамуына себеп болады»,- деген үміт білдірді.

 

 

Sep 10, 2017 19:54 Asia/Almaty
Сараптама