• Иран мен Қазақстан президенттері жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту қажеттігін қуаттады

Иран мен Қазақстан президенттері Теһран мен Астана арасындағы жан-жақты қарым-қатынастар мен экономика, транзит және энергетика саласындағы ынтымақтастықтарды дамытып, мұнай нарығын жақсарту үшін ортақ талпыныстар жасау қажеттігін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани  жексенбі күні Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер саммитінің аясында орын алған кездесуде Қазақстан Президентін Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші  саммитінің табысты өтуімен құттықтап: «Астана осы уақытқа дейін бейбітшілік пен достық қаласы ретінде танымал болды. Бұдан кейін қаланың бұл сипаттарына «Ғылым мен технология қаласы» деген сипаттар қосылады»,- деді.

Рухани Қазақстанды аймақ пен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының маңызды қаласы деп атап: «Өткен 25 жылда Теһран мен Астана қарым-қатынастары әрқашан ілгеріледі. Біз ынтымақтастықтың дамуын қолдаймыз»,- деп қуаттады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та кездесуде доктор Руханидің саммитке қатысуына алғыс айтып, мұны өз елі үшін өте маңызды деп бағалап: «Иран халқының сізді президенттіктің екінші кезеңіне сайлауы – халықтың сізге деген сенімінің белгісі. Сондай-ақ, біз үшін де екі ел қарым-қатынастарын жалғастыру үшін сенімділікті арттырды»,- деді.

Қазақстан Президенті өз елінің әрқашан Иранның қасында болғанын  айтып, келешекте де бірге болатынын қуаттап, Руханиге: «Сіз ядролық мәселе саласында көп талпыныс жасап, осы салада табысқа да жеттіңіз»,- деді.

 

 

Sep 10, 2017 20:20 Asia/Almaty
Сараптама