• Қазақстанда «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды

Қазақстанда 10000 әскери қатысатын «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрі Сакен Жасұзақовтың бұйрығымен осы ел Қарулы күштерінің стратегиялық амалдарға арналған «Қаратау-2017» атты кең ауқымды жаттығулары 10000 әскеридің қатысуымен  басталды.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жаттығулардың мақсатын елдің Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын тексеру деп жариялады. Жаттығуларға елдің  шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі әскери бөлімшелер қатысады. 

Жаттығу барысында 1500-ден астам әскери техника, 40 ұшақ пен тікұшақ,  сондай-ақ, елдің теңіз күштерінің кемелері қолданылады.

Қазақстан Қарулы күштерінің осы кең ауқымды стратегиялық әскери жаттығуларын басқару міндеті елдің Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі ел Қарулы күштерінің орталық штабының қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке жүктелді.

Жаттығулардың ерекшелігі әскерилердің үлкен тобын төрт бағыт бойынша бір уақытта басқару, Қарулы күштердің барлық тармақтары, әскери бөлімшелері мен дайындау бөлімдерінің әріптесе әрекет етуі, сондай-ақ, әскери күштер мен барлау құрылғыларының әлеуетін бағалау болып отыр.   

 

 

Sep 13, 2017 20:35 Asia/Almaty
Сараптама