• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ирантану орталығының жетекшісі Жумадилова Ғайнимен сұхбат

5 қарашада Иранның университеттері және таңдаулы ғылыми институттары мен Қазақстанның үш университетінің ортақ отырысы өткеннен кейін осы отырысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атынан қатысқан Жумадилова Ғайни Тілеукенқызымен сұхбаттасуға мүмкіндік алдық.

  • Иранға қош келдіңіз! Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

Мен Жумадилова Ғайни Тілеукенқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ирантану орталығының жетекшісімін. Сонымен қатар Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында парсы тілінен сабақ беремін.

  • Иранға қандай мақсатпен келдіңіз?

       Ирандағы Қазақстан жоғары оқу орындарының күндері аясында Иранның беделді оқу орындарымен болған "Екі ел арасындағы оқу, білім, ғылыми байланыстарды дамыту" атты форумға қатысу үшін келдім. Осы форум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары және халықаралық байланыстарды дамыту жөніндегі бағдарламаларымен таныстырдым.

  • Ортақ отырыс пен кездесулерде қандай мəселелер талқыланды?

Отырыс пен кездесулерде екі ел жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Иранның беделді университтерінің бірінде, соның ішінде Шәһид Беһешти университетінде "Фараби" орталығын ашуды ұсынатынын айттым. Бұл ұсыныс универитет басшысы Ғалым Мұтановтың бастамасымен бірнеше елде ашылды. Орталықтың басты мақсаты –университет пен Иранның жоғары оқу орындары арасындағы ғылым, білім салалары бойынша жұмыстарды атқару.

  • Иранға қатысты қандай жоспарларыңыз бар?

Парсы бөлімі студенттерін әз-Заһра университетінің онлайн курстары арқылы білімдерін арттыру және тілдік біліктіліктерін дамыту, магистранттар мен докторанттарды ғылыми тағылымдамалық практикаға іссапарға жіберу, Иранның жоғары оқу орындарының профессорлары мен беделді ғалымдарын университет докторанттарының диссертациялық жұмысына жетекшілік етуге шақыру, Фараби орталығын ашу, бірлескен халықаралық ғылыми жобалар жасау, Иранның Гендік инженерия жəне биотехнология ұлттық институтымен байланыс орнату, Амир Кабир университетінің математика-механика факультеті арасында байланыс орнату және т.б.

  • Осы жолғы сапардан алған əсеріңіз қандай?

Сапар сәтті болды деп есептеймін. Ойдағы жоспарлар мен ұсыныстар толық талқыланып, ортақ мәміле мен байланысқа қол жеткізілді. Осы іс- шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Иранның Ғылым министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне және Шәһид Беһешти университетіне алғыс білдіремін. Сондай-ак,  Ирандағы Қазақстан елшісі Б. Амреев мырза мен елшілік қызметкерлеріне, сонымен қатар осындай ауқымды шараның Ирандағы үйлестірушісі және аудармашысы болған Омарханова Гаухарға алғыс білдіремін. Іс-сапар жоғары дәрежеде өтіп, табысты болды.

  • Сұхбатыңызға рахмет!

 

 

 

Nov 08, 2017 11:04 Asia/Almaty
Сараптама