• Астана Қытайдан қазақ диаспорасының құқығын сақтауды сұрады

Қазақстан Сыртқы Істер министрінің орынбасары мен Қытайдың Астанадағы елшісі кездесіп, Қытайдағы қазақ диаспорасының құқығы тақырыбын қарастырды.

«Фарс» хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ-нің орынбасары Ақылбек Камалдинов Астанадағы Қытайдың елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесіп, Қытайдағы қазақ диаспорасының құқықтарын сақтау тақырыбын қарастырды. 

Сонымен қатар Қытайдағы қазақтарға Қытай басшылары тарапынан қысымның жасалуы да екі елдің консулдық өкілдерінің кездесуінде талқыға салынды. Дипломаттар Бейжіңдегі қазақтардың арыз-шағымдарын Қытайдың Сыртқы Істер Министріне жіберді.

Қазақстанның СІМ  Қытай қазақтарының қысымның артуы туралы көптеген арыз-шағымдарының елінің басшыларына айтылғанын мәлімдеді.  

Соңғы айларда Қазақстан басылымдары мен басқа ақпарат құралдары Синь-Цзянь облысындағы адамдардың мәліметтеріне сілтеме жасап: «Қытайдағы қазақ диаспорасы Қытай басшыларының қатаң бақылауына алынып, оларға қатты қысым жасалуда» деп жазды. 

 

Nov 29, 2017 22:27 Asia/Almaty
Сараптама