• Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан кирилл қарпінен өту арқылы ақпарат әлеміне жол тартады

Қазақстан Президенті: «Қазақтар кирилл қарпінен латын қарпіне өту арқылы ақпарат әлеміне аяқ басады»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жарлығының шығарылғанын айтып: «Біз осы жарлық арқылы ақпарат әлеміне еніп, ғаламтор, ғылым мен мәдениет тілін қолдануды бастаймыз. Қазіргі таңда ғылым мен мәдениетке қатысты мағлұматтардың 70 пайызы ағылшын тілінде жарияланады. Ағылшын тілі латын әліпбиімен тікелей байланыста. 2020 жылға дейін мектеп бітіретін балалар ағылшын тілін жетік меңгеріп, латын әліпбиімен таныс болады»,-деді.

ҚР Президенті осы жылдың қазан айында қазақ әліпбиін кирилл қарпінен латын графикасына ауыстыруға жарлық шығарды.

 

Dec 03, 2017 15:43 Asia/Almaty
Сараптама