Қазақстан Қытайға газ экспортын арттырды
Jan 16, 2018 16:14 Asia/Almaty
Қазақстандық дереккөздерінің бірі елдің Қытайға табиғи газ экспортын арттырғанын хабарлады.
"Казинформның" дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, ҚазМұнайГаз бен Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниялары арасындағы келісім бойынша, Қазақстан Қытайға газ экспортының мөлшерін жыл сайын 10 миллиард текше метрге арттырады.
Осы мәлімет бойынша, КазМұнайГаз бен Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниялары өкілдерінің кездесуінде екі елдің табиғи газ тасымалдайтын инфрақұрылымдарын дамыту және газ құбырларының мүмкіндіктерін арттыру қажеттілігі қуатталды.
Екі жақ сондай-ақ, 2019 жылы бірнеше кезеңде екі ел арасындағы газ құбырларының мүмкіндіктерін арттыруға келісті.