• Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаратын болады

Қазақстан Парламенті елдің Қауіпсіздік кеңесі туралы заңды қарастырды. Заң бекітілген жағдайда Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығы беріледі.

 

Бұл  орган ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғау, қоғамдық және саяси тұрақтылықты, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының негізгі құқықтары мен азаттығын қамтамасыз ету салаларында шешім жолдарын әзірлеу бойынша жұмыс  істейді.

Қазақстанның Қауіпсіздік  кеңесіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылық етеді.

Қазақстан Президенті 2016 жылдың басынан елдің үштік билік күшінің өкілеттігін қайтадан анықтау мақсатында жұмыс тобын құрды. Сол  кезде бұл шешімнің мақсаты не және Қазақстан қоғамы үшін қандай нәтиже береді деген сұрақ туындады. Кейбіреулер Қазақстандағы бұл  өзгерістерді елдегі билікті ауыстыруға дайындық деген пікір айтты. Кейбір саяси топтар бұл істің мақсатын өзгерістер енгізу мен маңызды кадрлерді ауыстыруға жағдай жасау деп бағалады. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Марат Тәжин сол кезде Президент Әкімшілігінің орынбасары болып бекітіліп, көпшілік бұл шешімді билік структурасына реформа жүргізіп, шешім қабылдайтын органдарды күшейтіп, атқару және шешім қабылдау бөлімдерінде тәжірибесі аз жастардың жұмысынан пайда болған кемшіліктердің орнын толтыру саясатын нығайту мақсатында  идеологты қайтару деп ойлады. Сол кезде Қазақстанда Назарбаевтың абсолюттік билігіне қатысты сын артып, дағдарысқа тірелген болатын. Негізінде, бұл жағдай әлі өзгерген жоқ. Қазақстанда жұрт келешекте  бұл елдің басшысының кім болатыны туралы ойлануда. Мұндай жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев елдің Ата заңына өзінің президенттік кезеңін жалғастыруға қатысты өзгерістер енгізіп, өмір бойы ел басшысы болып қалуды ойластыруда деген ой туады. Қазақстан Парламенті Назарбаевқа елдің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беру жолын қарастыруда. Бұл тақырып Астана басшыларының президенттік ықтиярларды азайтып, оларды үкімет пен Парламенттке тапсыру шешіміне қайшы келеді. Тіпті,  елдің үштік билігінің міндеттері анықталғаннан кейін де билік бұрынғыдай бір жерге шоғыраланатын болады. Өйткені, Назарбаев ел істеріне қатысты барлық шешімді өзі қабылдайды.

Қазақстанның саяси мәселелер бойынша эксперті әрі шекаралық ынтымақтастықтар одағының мүшесі Марат Шибутов: "Қазақстандағы билікті ауыстыру үдерісі өте шиеленісті. Бұл үдеріс шетелдік елдердің араласуымен орын алады. Назарбаев билікті табиғи түрде ауыстыра алмайды. Бұл ел көмірсутек және табиғи ресурстарға бай болғандықтан, Қазақстан Президенті ықпалды басшылар мен пайдақұмар саясаткерлер арасындағы қақтығыстардың алдын ала алмайды",- деген болатын.

Қазақстан Парламентінің Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағалығын Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсыру туралы заңды қарастыру билік ауысқан кезде саяси, экономикалық және қоғамдық шығындарды азайту мақсатында жасалуда. 

 

 

Тегтер

Feb 07, 2018 17:14 Asia/Almaty
Сараптама