• 2018 жылдың екінші жартысында Астанада Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер басшыларының отырысы өтеді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Каспий теңізінің құқықтық режимін анықтау мақсатындағы осы теңіз жағалауындағы елдер басшыларының бесінші отырысының 2018 жылдың екінші жартысында Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетіні туралы хабарлады.

Қайрат Әбідрахманов отырысты өткізу жайлы тілшілерге берген сұхбатында: "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция – отырыста талқыланатын Қазақстан, ИИР, Әзірбайжан Республикасы, Ресей және Түркіменстан арасындағы бес жақты құжат. Қазіргі таңға дейін Каспий теңізі жағалау елдері басшыларының төрт басқосуы мен СІМ орынбасарлары деңгейіндегі арнайы жұмыс тобының 48 отырысы өткізілді.

Иран, Ресей, Әзірбайжан Республикасы, Түркіменстан мен Қазақстан Каспий теңізі жағалауындағы елдердің қатарын құрайды.

Маңызды стратегиялық орыны, жағалау елдері арасындағы байланыстары және экологиясы тұрғысынан бірегей саналатын Каспий теңізінің ұзындығы 1200 шақырымнан асып, ені 320 шақырымды құрайды. Каспий теңізінде шамамен 50 миллиард баррель мұнай, 257 триллион шаршы фунт газ қоры шоғырланған.

 

 

Feb 16, 2018 08:06 Asia/Almaty
Сараптама