• Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсауға бейім 4 мың жасөспірім анықталды

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары елде көптеген жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауға бейім екендігінің белгілі болғанын хабарлады.

Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның премьер-министрі Ерболат Досаев хабар брифингінде осы уақытқа дейін 4412 жасөспірімнің, соның ішінде 3131 мектеп оқушысы мен колледждің 1221 студентінің өз-өзіне қол жұмсауды қалайтындықтарының белгілі болғанын, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы мен Астана қалаларының бюджетіне 240 млн теңгеден астам қаржы бөлінгенін, осы қаржыны пайдалану арқылы жасөспірімдерге жөн сілтеу үшін 2427 психологтың қарастырылғанын айтты.   

Досевтың айтуы бойынша, Алматы мен Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаржы көзінің болмауын байланысты аталмыш бағдарламаларды жүзеге асыру ісі тоқтап қалған.

 

Mar 18, 2018 09:19 Asia/Almaty
Сараптама