• Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады

Қазақстанның Сенат палатасы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы елдің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға мүмкіндік беретін заң бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы құжат негізінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш заң бекітілгеннен кейін осы елдің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына қол жеткізді.

ҚР-ның Қауіпсіздік кеңесі 1991 жылы осы елдің Президенті тарапынан құрылған болатын. Бұл орган ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік саласында шешім жолдарын табу, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтау, саяси-әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтардың басты құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін жұмыс істейді.

Қазіргі таңда ҚР-ның Қауіпсіздік кеңесін Президент  Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отыр.

 

Мамыр 17, 2018 01:24 Asia/Almaty
Сараптама