• Астана Орта Азия елдеріне бензин экспортын арттырады

Қазақстан үкіметі Астана мен Мәскеу арасындағы Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне бензин экспорттау туралы екі жақты келісімді өзгертуге ынта білдірді.

Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазмұнай компаниясының тасымал, өңдеу және маркетинг бөлімінің басшысы Данияр Тиесов осы туралы: «Астана биылғы жылдың күзінде 400 000 тонна бензин экспорттауды мақсат етеді. Сонымен қатар 2019 жылы мұнай экспортының көлемі бір млн немесе 1,2 млн тоннаға жетеді» деді.
Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та бұл бағдарламалардың алдымен Ресей экспортерлерімен үйлестірілетінін мәлімдеді.

Ол қазіргі келісімдерге сәйкес Қазақстан бензинінің Орталық Азия елдеріне экспорттауға тыйым салынғанына тоқталып: «Қазіргі уақытта екі ел екіжақты келісімдердің жаңа мәтінін дайындап жатыр. Онда қазақстандық компаниялар Орталық Азия елдерін өздерінің негізгі нысандарына айналдырады»  

Қазақстаның Энергетика министрлігі сонымен қатар Ресейден темір жол арқылы жағар май импорты бөлімінде шектеулер қою туралы бағдарламаны ел Парламентіне ұсынды.

 

Jul 02, 2018 20:21 Asia/Almaty
Сараптама