• Қазақстан АҚШ армиясының Каспий теңізіндегі қазақстандық жағалауға қолжетімділігін теріске шығарды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде АҚШ Армиясының Каспий теңізіндегі қазақстандық жағалауда база құрғаны туралы хабарды теріске шығарды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде аймақтық ақпарат құралдары эксперттерінің АҚШ әскерилерінің Каспий теңізіндегі қазақстандық жағалауда орналасуы туралы сөздеріне реакция білдіріп, Вашингтонның Каспий теңізіне араласу рұқсатының жоқ екенін жариялап: "Каспий теңізі жағалауындағы бес ел арасындағы ынтымақтастық келісімі бойынша, бұл теңіздің жағалауында басқа елдердің әскерилерінің орналасуына тыйым салынған. Сондай-ақ, осы келісім негізінде Қазақстан басқа елдердің әскерилерінің әскери базаларын құрып, бұл теңіздің жағалауында орналасу әрекеттерінің алдын алуға күш салады",- деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Jul 11, 2018 16:02 Asia/Almaty
Сараптама