• Қазақстан Қорғаныс министрі Иран армиясының ұшқышсыз ұшақ командасының мүшелерімен кездесті

Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов "Армия-2018" халықаралық әскери жарысының үшінші күні ұшқышсыз ұшақтар сайысы өтіп жатқан жерге келіп, Иран командасының ұшу құралдарын көріп, Иран армиясының ұшқышсыз ұшақ командасы мүшелерімен кездесіп, сұхбаттасып, оларға жарыста сәттілік тіледі.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, жарысқа қатысуға келген Иран армиясының ұшқышсыз ұшақ командасының жетекшісі Ахмад Ахмади бұл кездесуде ирандық ұшқышсыз ұшақтардың ерекшеліктері жайлы есеп беріп, "Армия-2018" халықаралық әскери жарысын ұйымдастырған Қазақстанға алғыс айтты.

ИИР армиясының ұшқышсыз ұшақ командасы сайысқа толығымен жергілікті білім негізінде жобаланып, жасалған "Сафир" атты ұшқышсыз ұшақпен қатысып жатыр.

Тегтер

Aug 04, 2018 21:06 Asia/Almaty
Сараптама