• Иран аймақты дамыту үшін стратегиялық рөл атқаруға дайын

Иран президенті жексенбі күні Қазақстанда өткен Каспий теңізі маңындағы мемлекеттер басшыларының саммитінде сөйлеген сөзінде Иранның Солтүстік және Оңтүстік бөліктеріндегі теңізге қолжетімділігіне байланысты сауда-саттық пен тасымалды дамыту мақсатында стратегиялық және аймақтық рөл атқаруға дайын екенін мәлімдеп:

"Каспий теңізі өте маңызды әрі стратегиялық аймақ ретінде оның айналасындағы үкіметтер мен халықтардың достығы, әріптестігі мен интеграциясының ошағы саналады. Бұл отырыс аймақтағы интеграцияны арттыру бағытында жасалған келесі бір қадам болып табылады",- деп мәлімдеді.

ИИР президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюды аса маңызды қадам деп атап: "Әлі де шешілмеген маңызды мәселелер қалды. Сондықтан соңғы келісімге келу үшін, әсіресе шекараны межелеп бөлу, бастапқы шекара сызықтарын анықтау жолдарына қатысты келісімге келу мақсатындағы келіссөздер жалғасуы тиіс.

Каспий теңізінің шекаралары анықталмаған аймақтарында қайшылықтар туындаудың алдын алудың жалғыз шешім жолы ресурстарды ортақ түрде пайдалану немесе біржақты түрде барлау мен пайдаланудан бас тарту болып табылады",- деді.

 

 

Aug 12, 2018 21:17 Asia/Almaty
Сараптама