• Рухани: Теһран мен Баку қарым-қатынастарындағы үлкен өзгеріске куә болып отырмыз

ИИР президенті Хасан Рухани Қазақстанның Ақтау қаласында өткен Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммиті аясында Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиевпен өткізген кездесуінде Иран мен Әзірбайжанға жамандық тілеушілердің екі ел қатынастарының артуына ашуланып отырғанын баса айтып: "Теһран мен Баку өз әріптестіктері мен үйлесімдіктерінің деңгейін арттыру арқылы қаскөйлердің екі ел қарым-қатынастарына нұқсан келтіруіне рұқсат бермейді",- деді.

Әзірбайжан президенті де Бакудың әрдайым Иранның жанынан табылатынын баса айтып: "Әзірбайжан АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкцияларын бірнеше рет айыптады. Біздің Иранға қатысты ұстанымымыз бауырластыққа негізделген және халықаралық заңдарға сәйкес",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер

Aug 13, 2018 14:23 Asia/Almaty
Сараптама