Aug 19, 2018 20:42 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Иранның сауда айналымының көлемі 70 пайызға артты

ИИР-ның Қазақстандағы елшісі ҚР премьер-министрімен кездесуінде ағымдағы жылдың бірінші жартысында Теһран мен Астананың сауда айналымы көлемінің артқанын хабарлады.

3bn.ir ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Моджтаба Демирчилу сенбі күні Бақытжан Сағынтаевпен кездесуінде 2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Теһран мен Астана арасындағы сауда айналымы көлемінің 70 пайызға артқанын мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, екі жақ кездесу барысында әртүрлі тақырыптарды, соның ішінде жан-жақты ынтымақтастықтарды одан әрі дамытуды, әсіресе екі ел арасындағы сауда-саттық, экономика, инвестиция салу, өнеркәсіп пен тауар транзиті және тасымалдау мәселелерін талқылаған. Олар сондай-ақ, жер асты және ауыл шаруашылығы шөгінділерін пайдалану жайлы да кеңесті. Демирчилу Қазақстан бүгінде Еуразиядағы көшбасшы ел болғандықтан Теһран басшыларының осы елмен ынтымақтастыққа ерекше маңыздылық беріп отырғанын айтты.

 

 

Сараптама