• Қазақстанда

Қазақстан президенті ел астанасындағы "Бейбітшілік қабырғасы" монументінің ашылу салтанатында ядролық қаруды жоюды адамзат баласының ең маңызды мақсаты деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев бұл рәсімде: "Барша адамзат баласы, әлем халықтары мен үкіметтері ядролық қарудың көзін жоюға ұмтылуы керек",- деді.

Назарбаев сөзінің жалғасында елде "Бейбітшілік қабырғасын" салып, оны салтанатты түрде ашуды жастарды әлемдік бейбітшілікті сақтауға шақыру деп атады.

Монументтің ұзындығы 111 метр, ені 18,4 метрді құрайды. Қабырғаның бетінде "бейбітшілік" сөзі әлемнің 51 тілінде жазылған.

"Бейбітшілік қабырғасы" композициясының құрылысына 1 миллиард 800 миллион теңге қаражат жұмсалған.

 

Тегтер

Sep 02, 2018 04:49 Asia/Almaty
Сараптама