• Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді

Қыркүйек айының 20-21 күндері Астана қаласында Еуразиялық әдеби форум өтеді.

Еуразиялық әдеби форум – Қазақстанда осындай форматта өткізу жоспарланған тұңғыш халықаралық әдеби шара. Форумға Еуразия құрлығында орналасқан Ұлыбритания, Германия, Польша, Қытай, Иран, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Украина және т.б. елдерден әлемге танымал қаламгерлер қатысады. Форумды ұйымдастырудағы мақсат – қазіргі замандағы әдебиеттің даму барысын талқылау, жаһандық проблемаларды шешудегі әдебиеттің орны мен рөлін екшеу, жаңа дәуірдегі қаламгердің статусын анықтау сияқты әдебиетке қатысты ірі мәселелер туралы ақылдасу.

Ираннан Иран жазушылар қауымдастығының төрағасы Хади Саиди Киасари мен Сейд Джавад Ахмади мырзалар шақырылған. Саиди Киасари мырза пленарлық жиналыста «Заманауи әдебиет: өркениеттер қақтығысындағы адам мәселесі» тақырыбында баяндама жасайды деп күтілуде.

Форумның жұмысы екі күнге жалғасады. Бірінші күні жалпы пленарлық жиналыс өтеді. Ол жерде жоғарыда айтылған мәселелер талқыланады. Екінші күні жанрлық секциялардың жұмысы жүреді. Секциялар поэзия, проза, драматургия және аударма ісінің өзекті мәселелері деген төрт топқа бөлінген. Форум аясында өзге де әдеби шаралар ұйымдастырылады.

 

Sep 12, 2018 18:16 Asia/Almaty
Сараптама