• Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезі өтті

Қазақстанның астанасы Астанада "Діни жетекшілер қауіпсіз әлем үшін" деген тақырыпта әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алтыншы съезі өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, әлемнің 46 елінен келген 82-ден астам делегацияның, соның ішінде саясаткерлер, діни басшылар, әртүрлі дін өкілдерінің қатысуымен өткен съезде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың Сирия дағдарысын халықаралық келіссөздер өткізу арқылы шешуге талпыныс жасағанын айтты.

Ресейдің діни өкілдері съезде мәлімдеме жасап: "Экстремистер мен лаңкестер жалған діни ұрандарды өздерінің қылмыстық мақсаттарына жету үшін пайдаланады. Мұндай топтардың түпкі мақсаты – аймақты тұрақсыздандыру, басқа мазхабтар арасында іріткі салып, алауыздық тудыру",-деп қуаттады.

Астанада 2017 жылдың басынан осы күнге дейін Сирия дағдарысын шешуге бағытталған 9 отырыс өтті. Отырыстарда көбінесе Сирия мәселесін саяси келіссөздер және экстремистік-лаңкестік топтармен күресу арқылы шешу қажеттігі баса айтылды.    

 

Тегтер

Oct 11, 2018 18:33 Asia/Almaty
Сараптама