• Теһранда

Бүгін, сейсенбі күні Теһранда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алламе Табатабаи университеті мен Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Алламе Табатабаи университетіне қарасты ЭКО жоғары оқу институтындағы Иран-Қазақстан Академиялық жəне мəдени орталығында "Қазақстанмен танысу" атты дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің докторанты Ақмарал Тюлюбаева Қазақстан жайлы жалпы ақпарат беріп, Исламдық Азат университетінің докторы Мохаммад Хосейн Абедини, Тегеран университетінің профессоры Бахрам Амир Ахмадиан, Алламе Табатабаи университетінің түркітану бөлімінің магистранты Хамид Джалили мен осы университеттің Орта Азия және Кавказды зерттеу бөлімінің магистранты Джавад Тоуфиқи Қазақстанға сапардан алған əсерлері, бұл елдің өзіндік ерекшеліктері, соның ішінде мәдениеті, туристік жерлері, тұрмыс салты, киім үлгісі, ұлттық тағамдары, ауа райы, жоғары оқу орындары мен инвестиция салу жағдайлары жайлы сөз қозғады.

Иран-Қазақстан Академиялық жəне мəдени орталығы 2018 жылдың мамыр айының алтысы күні Теһранда Еуразия ұлттық университеті мен Алламе Табатабаи университеті ректорларының қатысуымен ашылған болатын.

Oct 16, 2018 23:51 Asia/Almaty
Сараптама