• Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекараны шегендеу туралы шарт бекітілді

Қазақстан президенті Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекараны шегендеу туралы құжатқа қол қойып, бекітті.

Нұрсұлтан Назарбаев келісімнің негізгі мақсатын әртүрлі келіспеушіліктер мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында Қазақстан мен Қырғызстанның ортақ шекараларын құқықтық деңгейде ресми түрде мойындау деп атады.

Қазақстан СІМ де осы мәселеге қатысты мәлімдемесінде келісімге өткен жылдың желтоқсан айында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Астанаға ресми сапары барысында қол қойылғанын айтты.

Екі елдің ортақ шекараларының ұзындығы 1257 шақырымды құрайды. Бүгінде шекараның үлкен бөлігі шегенделген.

 

 

 

Nov 06, 2018 23:13 Asia/Almaty
Сараптама