Қазақстанның Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен Иранның Әлламе Табатабаи Университеті арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына сәйкес, Әлламе Табатабаи Университетінің Шет тілдері факультетінің Түрік кафедрасында қазақ тілі факультатив ретінде оқытылып жатыр. Бұл факультет мұның алдында да осы университеттің қазақстандық студенттерінің көмегімен қазақ тілін үйренгісі келетіндерге тіл сабағын өткізуге талпыныс жасаған болатын.

Қазақ тілі сабағына қатысып жүрген Түрік кафедрасының ұстазы Мұса Рахими Иран Телерадио бірлестігі Pars Today ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатта парсы тілділерге қазақ тілін үйренудегі басты қиындықты қажет оқу құралдарының жоқтығы деп атады. Ұстаз Рахими Ирандағы Қазақстан елшілігінен қазақ тілін үйрететін кітаптар мен қазақ тілінің маманымен қамтамасыз етуді сұрап, лайық оқулық болмаса, оны бірлесіп жазуға ұсыныс жасады.

Әлламе Табатабаи Университеті Шет тілдер факультетінің Түрік кафедрасында қазақ тілі сабағын Иранда тағылымдамадан өтіп жүрген Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің докторанты Ақмарал Тюлюбаева өткізіп жүр.

Тегтер

Nov 07, 2018 16:14 Asia/Almaty
Сараптама