• Иран мен Қазақстан лаңкестікпен күресте маңызды рөлге ие

Сәлеметсіз бе, Қазақстанға қош келдіңіз! Алдымен өзіңізді таныстырып, конференцияға қатысудағы мақсатыңызды айтып берсеңіз.

Мен, Амир Фатеми Садр – ИИР СІМ-нің Лаңкестік және экстремизмен күрес кеңсесінің маманымын. Алматыда өтіп жатқан  отырысқа қатысудағы мақсатым – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының лаңкестік және экстремизммен күрес істерімен танысу. ИЫҰ бізге ресми хат жіберіп, отырысқа қатысып, Ұйым мен ұйымға мүше басқа елдердің лаңкестік және экстремизммен күрес мәселелері бойынша жасап жатқан іс-шаралары мен әрекеттеріне қатысты ой-пікірлері және көзқарастарымен танысуымызды сұрады. Ықтиярымызға берілген мүмкіндік пен мұрсатты пайдаланып, ИИР-ның лаңкестік және экстремизммен күресі саласындағы белсенділіктері мен атқарған жұмыстары және жоспарлары жайлы баяндама жасадым.

ИИР-ның халықаралық және әлемдік деңгейдегі лаңкестікпен күрестегі рөлі қандай?

ИИР бәлкім, лаңкестік және экстремизм құбылысынан көбірек зардап шеккен елдердің бірі болар. Сіз бұл оқиғадан хабардарсыз. Жақында, яғни, бір жарым ай бұрын Иранда бір лаңкестік оқиға болды. Ахваз қаласында өтіп жатқан әскери парад кезінде лаңкестердің бүлігі  салдарынан күнәсіз отыз адам қаза тауып, алпыс адам жараланды. Мохаммад деген бір кішкентай бала да қайтыс болды. ДАИШ лаңкестік тобының Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісіне жасаған шабуылында 13-14 адам көз жұмып, көп адам жараланды. Бұдан басқа шамамен 14 000 ирандық «Моджаһедине халқ» ұйымы тарапынан өлтірілді. Бұл лаңкестік ұйым болғанына қарамастан, Американың Вашингтон қаласында олардың кеңсесі бар. Осы лаңкестік топ ИИР-на қарсы әрекеттер жасап жатыр. ИИР лаңкестіктен көп зиян шекті. ИИР-ның рөліне қатысты айтарым, біздің ел лаңкестік және экстремизммен халықаралық деңгейдегі кез келген күреске қатысуға әзір. Сирия дағдарысын шешу мәселесіне Иран Сирия үкіметінің өтінішімен қатысып, лаңкестік және экстремизм құбылысымен күресте алдыңғы шептен көрінуде. Иран мен Ресей және Түркия арасында жасалған келісім бар. Осы келісімге сәйкес Иран да Сириядағы лаңкестік мәселесін шешуге атсалысып, өзіндік үлес қосуда. Ирак үкіметінің өтінішімен де сол елге көмектестік, көмек тоқтаған жоқ, әлі жалғасып жатыр. Халықаралық деңгейдегі ұйымдарда да ИИР белсенді рөлге ие. Иран осы саладағы талпыныстарын одан ары арттыруға әзір.

Иран мен Пәкістан шекарасындағы бейтарап аймақтан ұрланып, белгісіз мекенге тасымалданған ирандық шекарашылардың жағдайы не болды? ИИР СІМ Мохаммад Джавад Зариф мырзаның Пәкістан сапарында осы мәселенің шешімін тезірек табуды Пәкістан басшыларына қатты табыстағанын білемін.

Сіз атаған аймақта, елдің оңтүстік-шығысында оқтын-оқтын лаңкестік оқиғалар болып тұрады. «Джундулла» деген лаңкестік топ әркез лаңкестік бүлдіргі әрекеттер жасайды. Олардың бұл жолғы әрекеті алғашқы да, соңғы да емес. Ирандық шекарашыларды ұрлау оқиғасына қатысты ел Армиясының жоғары деңгейлі басшылары мен ИИР СІМ Мохаммад Джавад Зариф Пәкістанға сапармен барып, кеңесулер өткізді. Жақында еңбектері нәтижеге жетіп, ирандық бес шекарашы елге оралды.

Лаңкестік мәселелерімен әлемдік және аймақтық деңгейдегі күрес пен оларды шешу жолында қандай түйткілдер бар?

Өкінішке орай, лаңкестік және экстремизммен күрес жолындағы аймақтық деңгейдегі маңызды түйткілдің біріне мұсылман елдері арасында шынайы ынтымақтастық пен серіктестіктің жоқтығы жатады. Аймақтың кейбір елдері қысқа мерзімдегі өз мүдделерін күйттеп, лаңкестікпен күреске қатысты қайшы саясат ұстанғанды жөн көреді. Олар сөз жүзінде былай дегенімен, іс жүзінде жасап жатқаны мүлдем басқа. Келесі маңызды түйткіл – Таяу Шығыс аймағына қару-жарақ пен оқ-дәрінің ағылып енуі. Оны адам құқығы туралы уәж айтатын Батыс елдері енгізіп жатыр. Олар Таяу Шығыс елдерін қаруландырып, жарақтандыру бойынша ешбір істен аянып отырған жоқ. Аймаққа қару-жарақ пен оқ-дәрінің селдей ағысы күннен күнге артып отыр. Таяу Шығыс аймағында қару-жарақ және оқ-дәрі контрабандасымен күресу үшін нақты механизм жоқ. Бұл түйткілдерді одан бетер шиеленістіре түседі.

Лаңкестікпен күрестегі келесі түйткіл –  батыс үкіметтерінің біздің аймақта құзырға иелігі. Бұлар өз мүдделерін Таяу Шығыс пен Азияның Батыс аймағындағы бейберекеттіктер мен бүлік және тынышсыздықтармен байланыстырады. Бейберекеттіктер мен Батыс елдерінің біздің аймақтағы араласушылық әрекеттері шиеленістің жалғасып, тіпті ушыға түсуіне себеп болып отыр. Батыс елдерінің аймақтағы түйткілдердің шешімін табуға атсалысып жатқаны байқалмайды.

Қазақстанның халықаралық деңгей мен аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық орнатып, бейберекеттіктерді тоқтатуға қосып жатқан рөлін қалай бағалайсыз? Әсіресе, Сирия дағдарысы мәселесін шешуге Қазақстан қандай үлес қосты?

Қазақстан соңғы бірнеше жылда аймақтық дағдарыстарды шешуде маңызды рөлге ие ел екенін көрсетті. Астана келісссөздері барысында Қазақстанның арағайындығымен қарсылас топтардың басы бірігіп, Сирия мәселесін шешу бойынша бір консенсусқа жетуге жақындап қалды. Азиялық аймақ елдері өз мәселелерін өздері шешуді ойлап, аймақтан тыс елдерге иек артудың орнына бір-біріне қолұшын созып, көмектесуге асығуы керек. Тәжірибе аймақ елдерінің мәселелері мен дағдарысты істеріне трансаймақтық елдердің араласуы мен орналасуының пайдасыздығы мен нәтижесіздігін көрсетті. Қазақстан осы тақырып бойынша оң рөл атқара атқара алатынын іс жүзінде дәлелдеді.

Көршілес және стратегиялық серіктес екі ел  Иран мен Қазақстанның саяси байланыстарының көкжиегі қандай?

Мен екіжақты байланыстар бойынша жұмыс істеген жоқпын, көбінесе көпжақты байланыстар тақырыбымен айналысамын. Дегенмен, Иран мен Қазақстан байланыстарының деңгейі артып, аймақтық және халықаралық салалардағы ынтымақтастықтары мен мәселелерді шешудегі әрекеттестіктері оң әрі пайдалы болады деп санаймын. Қазақстан өте үлкен ел. Сол себепті халықаралық деңгейде бұдан да үлкен рөлдерге ие бола алады. Иран Ислам Республикасы да белсенді де маңызды ойыншы ретінде Қазақстанмен екіжақты байланыстарды арттыруға ықылас танытады.

Сұқбатыңызға рақмет!

 

Nov 17, 2018 11:52 Asia/Almaty
Сараптама