• Ұлттық кітапханада «Ұлы шығыс жұлдыздары» атты әдеби кеш өтті

Кеше, 21 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасындағы Н.Дәулетова атындағы залда парсы ақындары Омар Хайям мен Рудакидің шығармашылығына және Бирунидің ғылыми мұраларына арналған «Ұлы шығыс жұлдыздары» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Шығыстану факультетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Әдеби кешті ғалым, профессор Ислам Жеменей жүргізді. Кеш қонақтарының қатарында Үндістанның ғалым-зерттеушісі, профессор Мансура Хайдар, шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты Айнаш Қасым, салыстырмалы зерттеуші Балтабек Өміряев болды.

Шара барысында әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы П.Әкімбекова дайындаған слайд-шоу көрсетілді.

Кітапханашылар М. Жақсыбаева мен  А. Жолдасбай өлеңдер оқып,  кітапханашы Д.А. Ағыманова кітап көрмесімен таныстырды.

Кешке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері және ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Ұлы шығыс жұлдыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Омар Хайям, Рудакидің туындылары қазақ, орыс, ағылшын және парсы тілдерінде, сондай-ақ, басқа шет тілдеріндегі Бирунидің еңбектері ұсынылды.

 

 

 

Nov 22, 2018 15:32 Asia/Almaty
Сараптама