• Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жаңа кезеңі басталды

Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің 11-ші кезеңі басталды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сириядағы бейбітшілікке кепіл Иран, Ресей және Түркия елдерінің делегациялары, БҰҰ және Иорданияның бақылаушылары, сондай-ақ, Сирия үкіметі мен оның қарулы қарсыластары өкілдерінің қатысуымен сейсенбі күні кешке Астанада басталған бұл кезеңнің бірінші отырысы ертеңге дейін жалғасады.

Келіссөздерге қатысушы ирандық топтың басшысы Хосейн Джабери Ансари сириялық топтың басшысы Башар әл-Джафари және Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен жеке кездесіп, соңғы оқиғалар мен алдыңғы келіссөздер үдерісі туралы пікір алмасады.

 

 

Тегтер

Nov 28, 2018 15:07 Asia/Almaty
Сараптама