Dec 13, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан байланыстарын нығайтады

Иран мен Қазақстан жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иранның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Хасан Ширзад Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтар жөніндегі ортақ комиссия басшылығының атынан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімде сөйлеген сөзінде екі елдің барлық салалар бойынша ынтымақтастық жасауы үшін негіздердің дайын екендігін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Ирандағы елшісінің сенімді өкілі Ербол Ахметов Қазақстан тәуелсіздігіне арналған рәсімде екі елдің соңғы 27 жылдағы ынтымақтастықтары жайлы баяндама жасап, жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту қажеттігін қуаттады.

ҚР тәуелсіздігінің 27-жылдығына орай рәсім Қазақстанның елордасы Астанадағы шетелдердің елшілері, саяси өкілдері мен әскери атташелердің қатысуымен ұйымдастарылды.

Қазақстан Республикасы Кеңес одағы құлағаннан кейін 1991 жылы желтоқсанның он алтысы күні тәуелсіздік алғанын жариялады. ИИР Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындаған алғашқы елдердің қатарында болды.

 

 

Тегтер

Сараптама