Mar 19, 2019 16:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанда әскери-қорғаныс өнеркәсібін дамыту қоры құрылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс өнеркәсібін дамыту қорын құру туралы заңға қол қойды.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аталмыш заң әскери-қорғаныс өнеркәсібі бөліміндегі әртүрлі жобаларды басқарып, мемлекеттік тендерлер мен сұраныстарға қатысты әдістерді белгілейді. Сондай-ақ, бұл заң бойынша, әскери-қорғаныс өнеркәсібі саласындағы дамыған жобаларды қаржымен қамтамасыз ету механизмдері қарастырылады. Бұдан бұрын Қазақстан заңдары бойынша, мемлекеттік банктерге қару және әскери жабдық шығаратын зауыттарды қаржымен қамтамасыз етуге рұқсат етілмейтін. Енді осы қор арқылы Қазақстан үкіметі әскери өнімдер экспортын арттыруды, инвесторлар тарту, технология өндіру мен шетелдік компаниялар арасындағы келісімдерге қол қоюды талап етті. Сондай-ақ, бұл қор ескі әскери жабдықтарды сату және оны жаңа технологиялар шығаруды пайдалану құқығына ие болады. Қор Қорғаныс министрлігі және ғарыш өнеркәсібімен ынтымақтастық жасайды.

 

Тегтер

Сараптама