Mar 21, 2019 21:39 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті отставкаға кетті

Қазақстанның 79 жастағы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шамамен 30 жыл билік басқарған соң отставкаға кетті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы құлаған соң 1991 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың наурыз айының он тоғызына дейін Қазақстан Президенті міндетін атқарды. Назарбаев айтқандай, елдің мемлекеттік құрылымдарында сындарсыздық күшейген. Сондай-ақ, тұрмыс стандарттарының төмендігі де 2019 жылдың басында Назарбаевтың үкіметті тарату себептерінің бірі болды. Назарбаевтың көзқарасы бойынша, үкіметтің жұмысы Қазақстан халқының тұрмыс жағдайына айтарлықтай өзгеріс енгізбеген. Қазақстан Президенті сайтының мәлімдемесінде: «Тек кейбір ауыл, аймақтарда ғана шектеулі жұмыс орындары ашылды»,- деп хабарланды. Бүгінде Қазақстан халқының табысы төмен. Назарбаев 30 жылға жуық уақыт Қазақстанда билік тізгінін ұстады.

Назарбаевтың отставкаға кетуімен бұл елдің халқы үшін жаңа оқиғалар бола қояды деп айту қиын. Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде ант беріп, міндетіне кіріскен бірінші күні Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттары жалғасатынын, негізгі мәселелерде Назарбаевтың негіздері бойынша әрекет ететінін қуаттады. Тоқаевтың көзқарасына керісінше, егер Назарбаевтың саясаты сындарлы болса, оның отставкаға кетуі үшін қандай қажеттілік туды деген сұрақ туындайды. Тоқаев қазір елі мен халқының қолайсыз жағдайымен бетпе-бет  келіп тұр. Сондықтан Назарбаевтың үкіметті біліксіз деп мойындауына сәйкес, халық талап етуді өзі құқығы деп білуі мүмкін.

 

 

Тегтер

Сараптама