Mar 23, 2019 15:21 Asia/Almaty
  • Қазақстан халқы Наурызды тойлап жатыр

Жыл сайын наурыздың 22 күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамының рәсімдері басталады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан  халқы елдің барлық қалаларында кеше таңертең орталық алаңдарға шығып, қала әкімшіліктері ұйымдастырған рәсімдерге қатысты. Алматы халқы да әртүрлі алаңдар мен көшелерге шығып, Наурызға қатысты әртүрлі бағдарламаларды тамашалады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың орталық алаңында сөз сөйлеп, Наурызды Қазақстан халқының ең маңызды мейрамдарының бірі деп атап, Орталық Азия аймағында ежелден келе жатқан бұл мейрамның елдердің мәдениетін, салты мен тарихын көрсететінін айтты.

 

 

Тегтер

Сараптама