Mar 26, 2019 17:28 Asia/Almaty
  • Қазақстанның «Қаламқас» мұнай кен орнында өрт шықты

Қазақстанның «Қаламқас» мұнай кен орнында кеше басталған өрт әлі ауыздықталмады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі «Қаламқас» мұнай кен орнында кеше  басталған  өрттің әлі сөндірілмегенін хабарлады. Осы мәлімет бойынша, кен орнында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіру үшін Өрт сөндіру және Төтенше жағдай ұйымының күштері жұмылдырылып, әртүрлі әдістер қолданылғанымен, өрт ошағына тура кіретін жол болмағандықтан өрт әлі сөндірілмеді. Мұнай кеніндегі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдай министрлігінің 53 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды.

«Қаламқас» мұнай кенінің иелері – «ҚазМұнайГаз» және Қытайдың  «CNPC» компаниялары.

 

 

Тегтер

Сараптама