Apr 25, 2019 19:00 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің жаңа кезеңі басталды

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің он екінші кезеңі басталды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ бүгін, бейсенбі күні мәлімдемесінде Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің жаңа кезеңі бүгін Ресей, Иран мен Түркия елдері өкілдерінің қатысуымен басталып, екі күнге созылатынын хабарлады.   

Осы мәлімет бойынша, келіссөздердің осы кезеңіне Ресей тарапынан ел Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Иран СІМ-нің арнайы өкілі Али Асғар Хаджи мен Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Садат Онал, Сирия үкіметінің өкілі Башар әл-Джафари мен БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсон да келіссөздерге қатысып отыр.

Қазақстан СІМ келіссөздерге Сирия оппозиционерлері делегациясының да қатысатынын хабарлады.

 

Тегтер

Сараптама