Sep 09, 2019 16:57 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанда президенттік басқарудын қалатынын қуаттады

Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында бұл елдің президенттік басқару жүйесінде қалу қажеттілігін қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси  жүйедегі лайықты орнын алуы қажет. Ата заңына өзгерістер енгізудін мақсаты тек сайлауды жақсарту ғана емес, Парламент заңдарға сай үкіметтің маңызды шешімдер қабылдау үдерісіне әсерлі рөлін тигізуі керек»,- деді. Тоқаев қоғамдық жүйе мен ұлттық экономиканы елдің бүкіл азаматтарының тұрмысын жақсартуға сай қайта жаңғырту қажеттілігіне тоқталып: «Саяси бәсекелестік, азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне қатысу белсенділігін нығайтатын және бірнеше партиялық жүйені дамыту уақыт келді. Үкімет өз азаматтарының дауысына құлақ салуға міндетті»,- деп қосты.

Тегтер

Сараптама