• Нетаньяху Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуін қолдады

Сионистік режимнің премьер-министрі сейсенбі күні Израильдің Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуін қолдайтынын қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, бұдан бұрын Израильдің Юстиция министрі Аелет Шакед те Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуін қолдаған болатын.

Ирак Премьер-министрі сейсенбі күні бұл елдің Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп атап, аймақ басшыларын Бағдатпен келіссөз жүргізуге шақырды. Хайдер әл-Абади Ирактағы біржақты билікті теріске шығарып: «Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдум Ирактың қауіпсіздігі мен біртұтастығына қатер тудырады»,- деді.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің жоғары кеңесшісі Сейед Яхия Рахим Сафави: «Аймақ елдерін шағын елдерге бөлу – дұшпандардың, соның ішінде сионистік режимнің  мақсаты. Өйткені, бөлшектеу арқылы сионистік режим  оларды өз бақылауына алу мүмкіндігіне ие болады»,- деді.

 

 

Sep 13, 2017 14:27 Asia/Almaty
Сараптама