• Сионистік режим әл-Ақса мешітінің маңызды құжаттарын ұрлады

Құдс халықаралық орталығының басшысы әл-Ақса мешітінің маңызды құжаттарының сионистік режим тарапынан ұрланғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің «Құдс» сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Құдс халықаралық орталығының басшысы Хасан Хатер: «Сионистік режим бұл ауданды еврейлендіруге жағдай жасау үшін Құдстың вакф басқармасына тиесілі электронды құжаттарды әл-Ақса мешітінен ұрлады.

Нақты мәліметтер бойынша, сионистік режим әл-Ақса мешітінің компьютерлері мен арнайы серверінің құпия сөзін хакерлік тәсілмен анықтап, исламдық және христиандық вакфтарға қатысты құжаттардағы барлық мәліметтерді көшіріп алды»,-деп мәлімдеді.

Хасан Хатердің айтуынша, сионистік режим осы құжаттардың арқасында Құдстың вакфтық жерлеріне қол жеткізеді. Бұл құжаттар қасиетті жерлерді, сауда орталықтары мен жылжымайтын мүліктерді, жер телімдері мен тұрғын үйлерді қамтиды. Құдс халықаралық орталығының басшысы мұнымен бір мезгілде вакфқа берілген мүліктерге қатысты амалдарды бақылау үшін арнайы техникалық комитеттің құрылуын қалайтынын білдірді.  

 

Sep 14, 2017 14:41 Asia/Almaty
Сараптама