• Махмуд Аббас: АҚШ енді ара ағайын бола алмайды

Палестина автономды құрылымының басшысы АҚШ Президентінің Құдсты Израильдің астанасы деп тану шешімінен кейін бұл елдің енді ара ағайын бола алмайтынын мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің Рамалладан хабарлауы бойынша, Махмуд Аббас Трамптың Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде тану туралы шешімі жарияланғаннан кейін: «Трамптың шарасы АҚШ-тың өткен жылдары бейбіт үдерісті қолдауда атқарған рөлінен шығуды жариялауымен бірдей»,-деді.

Сонымен қатар Ұлыбритания Премьер‑министрі Тереза Мэй сәрсенбі күні кешке мәлімдемеде АҚШ Президенті Дональд Трамптың шарасын сындарсыз деп атап, оны айыптады.

Мысыр, Түркия, Ливан, Сирия, Пәкістан мен Тунис Сыртқы істер министрліктері сәрсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Трамптың шарасын сынға алды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш пен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини де Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тануын кінәлап, оны сындарсыз деп атады.

Сондай-ақ, Франция Президенті Эммануэль Макрон  да Трамптың бұл біржақты шарасын өкінішті деп атады.

 

Dec 07, 2017 21:01 Asia/Almaty
Сараптама