• Һание Құдс пен Йордан өзенінің батыс жағалауын азат ету интифазасын бастау қажеттігін қуаттады

ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы: "Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялау ымыраға келу үдерісінің аяқталғанын білдіріп, жұма күні «Ашу және "Құдс пен Йордан өзенінің батыс жағалауын азат ету интифазасы" атты интифаза үшін ауқымды әрекеттердің бастау күні болады",- деп мәлімдеді.

Исмаил Һание АҚШ президенті Дональд Трамптың Құдсқа қарсы жасаған әрекетінің жалғасында: "Ымыраға келуге байланысты келіссөздер біржолата ығыстырылып, "ғасыр келісімі" немесе басқаша атауларға ие ұғым енді жоқ. Бұл мәселелердің барлығы біржолата ұмытылды. Израиль – жалған режим. Ол үшін астана бекітілетіндей бұл режим мүлдем өмір сүрмейді. Палестиналықтар Құдс пен Палестинаға қарсы жаңа қастандықтармен күресу үшін саясаттар мен стратегиялар құруда.

Құдс – біртұтас. Оны батыс, шығыс деп бөлуге болмайды. Құдс – палестиналық, араб және исламдық қала, Палестина үкіметінің астанасы",- деп баса айтты.

ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы қазіргі жағдайды зерттеп, бір саясат ұстану үшін Палестина мәселесіне қатысты жан-жақты әрі шұғыл отырыс өткізу қажеттігін қуаттап: "Тек жаңа интифаза арқылы ғана АҚШ қолдау көрсетіп отырған Израильдің саясатымен күресуге болады. Палестиналықтар жаңа интифаза шеңберінде әрекет етеді",- деді.

 

Dec 07, 2017 22:42 Asia/Almaty
Сараптама