• Сионистердің шабуылдары салдарынан 1795 палестиналық жарақат алды

Палестинаның Қызыл Жарты ай қоғамы сейсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт әл-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауынан бері Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында 1795 палестиналықтың жарақат алғанын хабарлады.

Түркияның "Анадолу" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Палестинаның Қызыл Жарты ай қоғамы мәлімдемесінде: "Өткен аптадан бері 467 палестиналық әскери және пластикалық оқтармен жараланды. Сондай-ақ, 80 палестиналық азамат соққыға жығылып, 9 адам Газадағы бомбалаудан жарақат алды",- деп көрсетті.

Желтоқсанның 6 күні Құдс сионистік режимнің астанасы ретінде жарияланудан бері басып алынған Палестина жерлері мен кейбір араб, ислам, тіпті Батыс елдері де наразылық толқынымен бетпе-бет келді.

 

 

Тегтер

Dec 13, 2017 15:52 Asia/Almaty
Сараптама