• Рухани ислам әлеміне АҚШ-тың Құдсқа қатысты шешіміне қарсы тұру үшін жеті ұсыныс жасады

Иран Ислам Республикасының президенті Құдсқа қатысты АҚШ-тың теріс әрі заңсыз шешіміне қарсы тұру үшін ислам әлеміне жеті ұсыныс жасап: «АҚШ тек сионистердің мүдделерін алға тартып, палестиналықтардың заңды талаптарына құрмет көрсетпейді» - деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Ыстамбұлда Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кезектен тыс отырысында аталмыш ұйымның АҚШ-тың сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты мойындау шешімін айыптау қажеттігін бірінші ұсынысы ретінде айтып: «Екінші ұсынысым бойынша сионистік режимге қарсы ислам әлемі бірігуі қажет. Себебі, ислам әлемінің кез-келген қиындығын келіссөз арқылы шешуге болады» - деді.

Рухани үшінші ұсынысында: «АҚШ үкіметі ислам әлемінің Палестина тағдыры мен Құдсқа қатысты немқұрайдылық танытпайтынын түсінуі қажет. Халықаралық қаулылар мен Палестина мәселесіне қатысты халықаралық қауымдастықтың көпшілік дауысын масқаралау саяси шығынсыз қалмайды. Төртінші ұсынысым ислам мемлекеттері ұйымдасқан түрде АҚШ-тың жуырдағы әрекетіне қарсыласудағы негізді ұстанымдарын өздерінің америкалық, әсіресе еуропалық әріптестерімен келіссөздерде талқылап, бүкіл мемлекеттердің аталмыш шешімде табандылық танытуы қажеттігін қуаттауы керек» - деді.

Рухани Палестина мәселесінің қайтадан ислам әлемінің негізгі мәселесі болуын бесінші ұсынысы ретінде мәлімдеп: «Ирак және Сирия жерінде ДАИШ тобының жеңілісі мен өзге лаңкестік топтармен күресті жалғастырып жатқанда сионистік режим қаупін, соның ішінде осы режимнің бүкіл әлемге қауіп төндіретін ядролық арсеналын елемеуге болмайды» - деді.

Рухани БҰҰ-на ислам мемлекеттері өкілдері делегациясының қатысуы мен сионистік режимнің әрекеттерін тұрақты түрде қадағалауды алтыншы және жетінші ұсынысы ретінде баяндап: «БҰҰ, әсіресе Қауіпсіздік кеңесі мен оның Бас ассамблеясы қазіргі кезеңде Құдсқа қарсы АҚШ-тың жуырдағы шешіміне қарсы тұруда маңызды рөл атқарады» - деді.

Иран Ислам Республикасының президенті Иранның Құдсты қорғау үшін бүкіл ислам мемлекеттерімен ешбір алдын-ала шартсыз ынтымақтастық жасауға дайын екенін баса айтып: «Еврейлердің қас  дұшпаны мұсылмандар мен арабтар емес, өте қауіпті сионизм жобасы» - деп қуаттады.

 

Dec 13, 2017 21:46 Asia/Almaty
Сараптама