• Түркия президенті Иранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қолдау көрсетті

Түркия президенті Иран Ислам Республикасының президентімен телефон арқылы сұхбатта Иранның кейбір қалаларында орын алған соңғы бейберекеттіктер туралы сөйлесті.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта Ердоғанның кейбір батыс және сионистік бұқаралық ақпарат құралдарының түрлі мемлекеттерде, соның ішінде Түркияда бейберекеттік орнатудағы рөлі туралы сөздеріне тоқталып: «Орын алған бейберекеттіктерде елдің полиция күштерінің ұстамдылығы мен қырағылығы Иранның өзінің қауіпсіздігі пен тұрақтылығына толығымен сенімді екенін көрсетті» деді.  

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған да Ирандағы бейберекеттіктер мен Түркияда кейбір билік күштері тарапынан ұйымдастырылған ұқсас оқиғаларға тоқталып: «Түркия Иранның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін өзінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінен бөлек санамайды» деді.

Ердоған Иранның бірқатар бейберекеттіктеріне қарсы батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының әрекеттері мен АҚШ және сионистік режимнің жоғары лауазымды тұлғаларының мәлімдемелеріне тоқталып: «Біз батыстың бұқаралық ақпарат құралдарының өзімізге қарсы насихатын көрдік. Трамп пен Нетаньяху сынды адамдардың араласушылығына үйренгенбіз» деді.

 

Тегтер

Jan 03, 2018 22:47 Asia/Almaty
Сараптама