• Түркия Парламентінің төрағасы: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрылымы өзгертілуі керек

Түркия Парламенттінің төрағасы Теһранда Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің он үшінші парламентаралық конференциясында сөйлеген сөзінде: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрылымы өзгертілуі керек, өйткені бұл ұйымның әлем халықтарының қиыншылықтарын шешуге дәрмені жетпейді",-деді.

Түркия Парламентінің төрағасы Исмаил Кахраман сейсенбі күні өткен конференцияда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина туралы қарарына АҚШ тарапынан вето жарияланғанына тоқталып: "Бұл тақырып БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әлемдік мәселелерді шеше алмайтынын, сондықтан бұл кеңестің құрылымына өзгеріс енгізу қажеттігін көрсетті",-деді.

Түркия Парламентінің төрағасы рохинджа мұсылмандарының жағдайының ауыр екенін айтып, олардың өздерінің негізгі жері Мьянмаға қайтып оралуы керектігін қуаттады.

 

Тегтер

Jan 16, 2018 22:55 Asia/Almaty
Сараптама