• Астана мен Нью-Дели әскери ынтымақтастықтарын арттыратындықтарын қуаттады

Қазақстан мен Үндістан басшылары ортақ отырыста әскери саладағы өзара ынтымақтастық жасауды қуаттады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы Алмаз Джумакеев сейсенбі күні Үндістан армиясы штабының бас директорының орынбасары Нидия Сенгуптамен кездесуінде екі елдің әскери салада ынтымақтастықтарын арттыруды қуаттады.

Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы Астана мен Делидің өткен 25 жылдағы әскери ынтымақтастықтарына ризашылық білдіріп: "Қазақстан мен Үндістан экстремизм және терроризммен күрес сияқты халықаралық мәселелердің көбінде ұқсас ұстанымға ие",- деді.

Үндістан армиясы штабы бас директорының орынбасары да екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтарды аймақтағы бейбітшілік пен  тұрақтылықты қамтамасыз етуде әсерлі рөлге ие  деп бағалады.

 

 

Тегтер

Jan 24, 2018 20:02 Asia/Almaty
Сараптама