• Бір тәуліктің ішінде палестиналық үшінші күрескер шәһид болды

Сионистік режимнің әскериі кеше сәрсенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы ал-Халил қаласының солтүстігінде палестиналық жігітке оқ атып, оны шәһид етті.

Иран студенттерінің хабар агенттігі ISNA-ның «Едиот ахронот» газетінің интернет торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ал-Халил қаласындағы сионистер қоныстанған қалашықта пелестиналық бір жігіттің суық қарумен жасаған шабуылында  израильдік әскери жараланған соң келесі бір израильдік әскери палестиналық жігітке оқ атып, оны шәһид еткен.

Өткен 24 сағатта Иордан өзенінің батыс жағалауының әртүрлі аймағында палестиналық үш жігіт шәһид болды.

Өткен күні де Наблустағы қақтығыстарда да бір палестиналық жігіт пен Палестиналық Исламдық Қарсыласу Қозғалысының (ХАМАС) әскер бұтағы шәһид Азаеддин Ғиссам батальондарының мүшесі Ахмад Наср Джарар басқыншы сионист әскерилердің оғынан шәһид болды.  

 

Тегтер

Feb 08, 2018 10:23 Asia/Almaty
Сараптама