• Дамаск: АҚШ коалициясының Дейр оз-Зорға шабуылы – соғыс қылмысы

Сирия СІМ бейсенбі күні кешке БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап, АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция қырғи ұшақтарының бейсенбі күні Сирияның шығысындағы Дейр оз-Зорға шабуылын соғыс қылмысы деп атады.

Сол шабуылда 100-ден астам адам қаза болып, жараланды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия СІМ осы хатта: "Бұл шабуыл Сирияның егенмендігі, аумақтық тұтастығы мен осы елдің халқына қарсы АҚШ-тың пасықтығын көрсетеді",-деп жазды.

Сирия СІМ халықаралық қауымдастықтан АҚШ коалициясының шабуылын айыптауды сұрады.

Сирия үкіметі БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына сан рет хат жолдап, америкалық коалицияның Сириядағы қылмыстарын тоқтатуды сұрап келеді.

 

Тегтер

Feb 09, 2018 20:53 Asia/Almaty
Сараптама