• Рухани: Иран мен Түркияның қарым-қатынасы барлық салада жоғарылауы керек

ИИР Президенті бейсенбі күні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында Иран мен Түркия қарым-қатынасының барлық салада стратегиялық деңгейге көтерілуі керектігін қуаттады.

Хасан Рухани аймақтағы көптеген қатерлердің Иран мен Түркияның және басқа да ислам елдерінің мүдделеріне қауіп төндіріп отырғанын айтып: "Екі елдің аймақтық және халықаралық мәселелерде жақын көзқарастарға ие екенін ескеріп, ортақ саяси кеңесулер мен әріптестіктерді жалғастыру керек",-деді.

Рухани Иран, Түркия мен Ресейдің аймақтық мәселелер жөніндегі әріптестігін кеңейту қажеттігін айтып, Сирияға қатысты Стамбұлда өткен үш ел басшыларының отырысын өткізу жобасына тоқталып, оның өтуін қолдайтынын айтып, үш елдің Сыртқы істер министрлерінің осы отырыстың өту уақыты мен күн тәртібіне қатысты кеңесуіне ынта білдірді.

Түркия Президенті де телефон арқылы  сұхбатта Иран Президенті мен халқын Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтап, Теһран-Анкара қарым-қатынасының барлық салаларда дамып, тереңдеуіне мүдделік білдірді.

Режеп Тайып Ердоған Иран мен Түркияның аймақтық және халықаралық мәселелердің көбі бойынша ортақ көзқарасқа ие екеніне тоқталып: "Аймақтағы жаңа қатерлер Иран мен Түркияның тығыз әріптестігінің маңыздылығын көрсетеді",-деді.

 

Тегтер

Feb 09, 2018 21:05 Asia/Almaty
Сараптама