• Рухани: Теһран мен Анкараға Сирия халқын құтқару жолында ауыр міндет жүктелген

ИИР Президенті Теһран мен Анкараға Сирия халқын, әсіресе Шығыс Ғуте тұрғындарын құтқару жолында ауыр міндет жүктелгенін айтып: «Барша елдер Шығыс Ғутеде гуманитарлық апаттың туындауының алдын алуға талпыныс жасауы керек»,-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта қазіргі таңда Сириямен көрші әрі мұсылман екі – Иран мен Түркияға ауыр міндет артылғанын айтып: «Теһран мен Анкара атысты тоқтату бітімін тұрақты түрде орнатуға бар күштерін салуы керек»,-деді. 

Рухани лаңкестердің Шығыс Ғутеден Дамаскқа кассеталық бомбалармен шабуыл жасауына тосқауыл қою, Сирия астанасының қауіпсіздігін кепілдендіру, осы аймақта қалған қарапайым адамдарды шығару үшін қауіпсіз дәліз ашумен  қоса,  Шығыс Ғутені лаңкестерден тазартуға талпыныс жасауды аймақта қауіпсіздік орнату үшін жасалатын ілгерінді қадам деп атап, Түркия үкіметінен осы мақсаттар орындалу үшін өз ықпалын пайдалануды сұрады.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сұхбатта Сирияның Шығыс Ғуте ауданындағы жағдайды апат деп атап: «Иран мен Түркия аймақтағы екі ірі мұсылман ел ретінде бір-біріне көмектесіп, бар күштерін салып, апатты тоқтатуы керек»,-деді.

 

Mar 08, 2018 15:48 Asia/Almaty
Сараптама