• Әл-Абади Иранға лаңкестікпен күресте Иракты қолдағаны үшін алғыс айтты

Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абади Иранға лаңкестікпен күресте Иракты қолдағаны үшін алғыс айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хейдар әл-Абади сәрсенбі күні Ирак пен Иранның жоғары лауазымды делегацияларының қатысуымен ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангиримен кездескеннен кейін өткен баспасөз конференциясында Иранға ДАИШ лаңкестерін толық жеңгенге дейін Ирактың қасынан табылғаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, Ирак Премьер-министрі Иранның осы елді қайта қалпына келтіруге атсалысуын қолдайтынын айтып: "Иран бұл іске 2 млрд доллармен қатысады",-деді.

ИИР Вице-президенті де баспасөз конференциясында Ирак халқын ДАИШ лаңкестерін толық жеңуімен құттықтап: "Иран мен Ирактың тарихи және географиялық  ортақтастықтары екі елді өзара қарым-қатынасты нығайтуға ынталандырады",-деді.

Джахангири Иранның Иракпен барлық салада қарым-қатынасты нығайтуға, соның ішінде  газ тасымалдау, мұнайға қатысты әртүрлі келісімдерге қол қою және инвесторлар, кәсіпкерлер мен зияратшылардың істерін жеңілдету үшін банкаралық қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айтты.  

Тегтер

Mar 08, 2018 17:42 Asia/Almaty
Сараптама