• Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде бір палестиналық жігіт шәһид болды

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі Наблус қаласының оңтүстігінде тұратын бір палестиналық жас жігіттің сенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігінде сионист әскерилердің оғынан шәһид болғанын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің әскерилері сенбі күні Ауриф ауылына шабуыл жасады. Шабуылда бірқатар палестиналық, соның ішінде 21 жастағы Амиз Омар Ибрахим Шахада жарақат алды. Ибрахим Шахада алған жарасының ауырлығынан ауруханада көз жұмды.

Сонымен қатар сионистік режимнің әскерилері сенбі күні кешке Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Калькилия қаласының шығысында орналасқан Азун қалашығында тұратын палестиналықтарға қарай көзден жас ағызатын газ атып, соның салдарынан ондаған адам жарақаттанды.

Жұма күні де сионистік режим әскерилерінің Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында палестиналық шерушілерге шабуылынан 1 палестиналық қаза тауып, 86 адам жараланды.

Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторында төрт апта бойы Палестина халқының АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне наразылық шерулері өтіп жатыр.

 

Mar 11, 2018 16:56 Asia/Almaty
Сараптама